Украинадағы соғыстың сегізінші күні. Оқиға қалай өрбуде?

Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне сегізінші күн


03/03/2022
11:12 36293 0

Фото: DW

 

Украинадағы соғыстың сегізінші күні. Оқиға қалай өрбуде?

 

·  Ресей мен Украина арасындағы келіссөз ертеңге қалдырылды. Келіссөз Беларусьтің Беловежсая пущада өтеді деп күтілуде. 

 

·  Путиннің басына миллион доллар тағайындалды. 

 

·  Еуроодақ Беларусь генералдарына санкция салды. АҚШ Ресейдің қорғаныс секторына санкция салмақ. 

 

·  Харьковтың тарихи орталығы мен тұрғын үй аудандары тағы да бомбаланды. 

 

·  Ресейдің Орталық Банкі қаржы биржасындағы сауда-саттықты тоқтатты.

 

·  Киевте жарылыс әлі де жалғасып жатыр. 

 

·  Гаага трибуналы Украинадағы соғысқа байланысты Ресейдің үстінен тергеу бастады.

 

·  РФ СІМ Сергей Лавров Ресейге қарсы санкция салынатынына дайын болғандарын. Бірақ санкция спортшы, журналист, мәдениет өкілдеріне қарсы салынады деп ойламағандарын айтты. 

 

·  БҰҰ-ның бас ассамблеясы Ресейден дереу арада Украина аумағынан әскерін алып кетуді талап етіп, арнайы қарар қабылады. Қарарды 141 мемлекет қолдады, 5 мемлекет қарсы шықты, 35 ел қалыс қалды. Қалыс қалғандардың ішінде Қазақстан да бар. 

 

·  Херсон мэрі қаланы Ресей әскері басып алғанын хабарлады. Ал Мариуполь мэрінің орынбасары шаһардың гуманитарлық апат алдында тұрғанын мәлімдеді. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/03/2022 11:12
36293 0

Уведомление