Украинадағы соғыс: Соңғы төрт күнде не болды, не өзгерді?

Ресей әскерінің Украина аумағына басып кіргеніне төрт күннен асты.


28/02/2022
17:37 31304 0

Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Осы уақыт аралығында не болды? Не өзгерді?

 

 

  • Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Ресей әскері мен Украина қарулы күштері арасында соғыс жүріп жатыр. Киев Ресейдің үш мыңнан астам әскері қаза тапты дейді. Мәскеу 27 ақпанда сарбаздарының қаза тапқанын алғаш рет мойындады. Бірақ санын айтқан жоқ. 
  • АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ Ресейге салынған санкцияны күшейтті. Владимир Путин Ресейдің ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды. Еуроодақ Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. 
  • Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Спутник, Russia Today  ақпарат құралдарының жұмысына тыйым салды.
  • Беларусьте Украина мен Ресей арасында келіссөз басталғаны хабарланды. БЕЛТА ақпарат агенттігі келіссөз залынан тікелей эфирге шығып, кейін тоқтатып тастады. 
  • БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігі Украинадан соғыс басталғалы бері 422 мың адам көшкенін мәлімдеді. Агенттік есебінше, адамдар соғысқа байланысты елден босып кетіп жатыр.
  • 27 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы тілдескенін мәлімдеді. Ол беларусьтық әріптесімен Ресеймен арадағы келіссөз жөнінде сөйлескенін айтты және бұл келіссөздерден ешқандай өзгеріс күтпейтінін жеткізді. 
  • Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қатетаев Қазақстан азаматтары мінген екі автобус Польша жеткенін мәлімдеді. 
  • Бір доллар 495 теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасының күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар 495 теңге болды. Сенбі-жексенбі күні доллар 467 теңгеден саудаланған. 
Поделиться

Нет комментариев.

28/02/2022 17:37
31304 0

Уведомление