Украинадан кейін Грузия да Еуроодаққа кіруге ниетті

Грузиядағы басқарушы партия жетекшісі елінің Еуроодаққа кіруге нетті екенін мәлімдеді


03/03/2022
16:18 31104 0

Грузия Еуроодаққа мүше болу туралы өтінішін 3 наурызда тапсыруды жоспарлап отыр. 

 

Грузиядағы басқарушы «Грузин арманы» партиясының төрағасы Иракли Кобахидзе наурыздың 2-і күн өткен баспасөз мәслихатында партияның «Грузия дереу арада Еуроодаққа қосылу туралы өтініш беруі қажет» деген ұйғарымға келгенін мәлімдеді. 

 

Бұған дейін Украина Еуроодаққа мүшелікке өту жөніндегі өтінішін Еуропарламентке ұсынған. Киев өтінішін Еуропарламент қабылдаған. Осыдан кейін Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Киев одаққа мүше болуға байланысты құжаттарды неғұрлым тез жинауға тырысқанымен, барлығы Еуроодақтың саяси шешіміне байланысты» деген.

 

Қазір Еуроодақ құрамында 27 ел бар. Мүшелікке қабылдауға дауыс беру құпия өтеді. Әдетте одаққа мүше болу процесі бірнеше жылға созылады.

Поделиться

Нет комментариев.

03/03/2022 16:18
31104 0

Уведомление