Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Оған Салтанат Нүкенованы «азаптады» және «асқан қатігездікпен өлтірді» деген айып тағылған


26/02/2024
13:34 3222 0

Фото: Vlast.kz

 

Салтанат Нүкенованы «азаптады және асқан қатігездікпен өлтірді» деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. 

 

«Сот кабинеті» базасындағы дерекке сәйкес, істі Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Сот кабинетінде бұдан өзге қандай да бір дерек жоқ. Тек «істің жариялау үшін жабық екені» айтылған. 

 

2023 жылы 9 қарашада Қуандық Бишімбаевтың Астанадағы ресторандардың бірінде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен оның үстінен ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі «Азаптау» және 99-бабының 2-бөлігі «аса қатігездікпен адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

 

Бұдан бөлек, Салтанат Нүкенова соққыға жығылып, қайтыс болған «Гастроорталық» директоры, Бишімбаевтың туысының үстінен ҚК 432-бабы «Жасыру» және 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша іс қозғалған. 

 

Бишімбаев 2018 жылы жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған. Кейін сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев оған кешірім берген. 2019 жылы қазанда Бишімбаев шартты түрде қамаудан шыққан.

Поделиться

Нет комментариев.

26/02/2024 13:34
3222 0

Уведомление