ТЖМ мәлімдемесі: 46 кеншінің денесі табылып, 6 адамның жеке басы әлі анықталмаған

Төтенше жағдайлар министрлігі «Костенко» шахтасындағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады


31/10/2023
11:27 12854 0

Фото: ТЖМ

 

31 қазанда өткен үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Костенко» шахтасында болған апатқа байланысты баяндама жасады. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша 46-шы шахтердің дене бөлшектері табылған. 

 

Қайтыс болған 6 адамның жеке басы анықталмаған. Оны анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалған. 4кеншінің жеке бас анықталған. 

 

Бұдан бөлек, министр кен орнында тексеру және жарылыстан кейін жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

 

Сырым Шәріпхановтың сөзінше, 7 шағым комиссия құрылған. Тергеуге Қазақстан және шетелдік сараптамалық ұйымдары тартылған. 

 

28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Костенко» шахтасында жарылыс болып, 46 адам қаза тапқан. Апат болған кезде жер астында 252 шахтер болған. 206 адам жер бетіне шығып үлгерген де, қалғандары шахтада қалып қойған. Апатқа көмір оятын орыннан шыққан өрт себеп болған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/10/2023 11:27
12854 0

Уведомление