Тәжікстанда президент болуға бес кандидат тіркелді

Биылғы сайлауға қазіргі президент және парламент депутаттары қатысқалы отыр


16/09/2020
13:24 48017 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Тәжікстанның сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы ел президенті болуға бес үміткерді тіркеді. Vласть олардың арасында тәуелсіз саясаткер жоқ деп хабарлайды

 

Елде сайлау 11 қазанда болады. Сайлауға Тәжікстанның қазіргі президенті, 67 жастағы Эмомали Рахмонды үш қоғамдық ұйым өзі басқаратын Халықтық демократиялық партия, Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы және Жастар одағы ұсынды. 

 

Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарады, ол 1994 жылы алғаш рет сайланды. 

 

Биылғы сайлауға Рахмоннан басқа тағы төрт адам түседі: Аграрий партиясының 59 жастағы өкілі Рустам Латифзода, оның аттасы әрі құрдасы, Экономика реформалары партиясының өкілі Рустам Рахматзода, Социалистік партияның 68 жастағы мүшесі Абдухалим Гаффорзода және Коммунистік партияның 72 жастағы мүшесі Миродж Абдуллоев. Төртеуі де парламент депутаты. 

 

«Азия плюс» басылымы Орталық сайлау комиссиясы Демократиялық партияның мүшесі Саидджафар Усмонзоданы кандидат ретінде тіркеуден бас тартқанын хабарлады. Сонымен бірге сайлауға түсуге ниет білдірген 30 жастағы заңгер Фаромуз Иргашов комиссияға ешқандай құжат тапсырмаған болып шықты.

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/09/2020 13:24
48017 0

Уведомление