ТЖД Ақкенттегі өртке байланысты мәлімдеме жасады

Адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған


02/08/2023
15:54 16054 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ақкент шағын ауданында болған өртке байланысты Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ердан Әлібеков мәлімдеме жасады. Ол «өрт кезінде қаза тапқан әйел шыдамдылық танытып, өрт сөндірушілерді күткенде тірі қалатын еді» деді. 

 

– Біздің бөлім алға қарай жылжып келе жатқан. Егер олар 20 секунд күткенде есікті бұзып кіретін едік. Біз ішке кіріп, ол кісінің анасын құтқарғанымызда, олар (терезеден – ред) секіріп кетті. Егер олар шыдап, балконда күткенде біздің өрт сөндірушілер ол екі қызды да құтқарар еді, – деді Әлібеков баспасөз мәслихатында. 

 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ақкент ықшам ауданында болған өрттен 43 адам зардап шеккен. Төрт бала және бес ересек адам ауруханаға жатқызылған. Олардың денсаулық жағдайы бір қалыпты. 

 

Үйсіз қалған отбасылар жатар орын және тамақпен қамтамасыз етілген. I-Housing құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев өртенген үйлерді қалпына келтіруге қаржы бөлетінін мәлімдеді.

 

Балконнан секіріп қаза тапқан әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Бұған қоса қалалық прокуратура өрттің шығу себебін тексеріп жатыр.

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/08/2023 15:54
16054 0

Уведомление