Төтенше жағдайлар министрлігі техника жетіспейтінін мойындады

Ел бойынша 121 өрт сөндіру бөлімі жетіспейді


15/06/2023
17:46 17084 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Төтенше жағдай министрлігі елде төтенше жағдай кезінде қолданылатын техникалар жетіспейтінін мойындады. 

 

– Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық жабдықталу [деңгейі] – 80 пайыз. Қазіргі кезде 3200 техника бар. Әлі 430 техника керек. 470 техниканың мерзімі 20 жылдан асып кеткен, – деді сенат отырысында ТЖ вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев. 

 

Бұдан бөлек, сенатта өртсөндірушілер мен орманшылардың жалақысы өте төмен екендігі жөнінде де айтылды. Қазір өртсөндірушілердің орташа жалақысы 180 мың теңге. 

 

Республика бойынша 121 өрт сөндіру бөлімі жетіспейді. Қазір елде 426 өрт сөндіру бөлімі бар. 

 

Ел бойынша орман және дала өрті жыл өсуде. Үш жыл бұрын 700 орман өрті тіркелсе, былтыр 757 орман өрті болған. Биыл жыл басынан бері 146 орман өрті, 700 дала өрті тіркелген.

 

15 адамның өмірін қиған Абай облысында болған орман өрті кезінде өртсөндірушілер мен орманшылардың техникасының ескі екені, арнайы киімдерінің тозығы жеткені жөнінде айтылған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/06/2023 17:46
17084 0

Уведомление