Популярные тэги

Цукерберг сотқа шақырылды: Meta-ға қандайы айып тағылып отыр?

Марк Цукерберг Калифорнияда әлеуметтік сервистердің жастардың психикалық денсаулығына әсері жөніндегі сот процесіне шақырылды.


19/02/2026
11:44 55 0

 

Істің мән-жайы

 

Euronews-тің хабарлауынша, сотта Meta және YouTube компанияларына қатысты іс қаралып жатыр. Оларға қолданбаларға пайдаланушыларды әлеуметтік желілерге тәуелді ететін арнайы функциялар енгізді деген айып тағылып отыр. 20 жастағы әйеләлеуметтік желілердің тәуелділік тудыратын функциялары оған орны толмас зиян келтіріп, мазасыздық пен суицидтік ойларға себеп болды деп шағымданған.

 

Сот залында алқабилерден бөлек, отбасыларының айтуынша цифрлық тәуелділік салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары да қатысатыны хабарланды.

 

Адвокаттар не дейді?

 

Жәбірленуші тараптың адвокаты Марк Ланье алқабилер алдында сөйлеген сөзінде YouTube пен Instagram-ды «цифрлық казино» деп атап, «шексіз айналдыру» функциясы дофаминнің бөлінуін арттырып, тәуелділікке әкелуі мүмкін екенін айтты.

 

Ал Meta компаниясының адвокаты Пол Шмидт Instagram-ның талап қоюшының психикалық денсаулығына қатысты мәселелерге кінәлі екеніне күмән келтірді. Ол іс материалдарына қыздың отбасындағы ауыр жағдайды дәлелдейтін құжаттарды қоса тіркеген. Шмидттің айтуынша, ол әлеуметтік желілерді өз уайымымен күресудің бір тәсілі ретінде пайдаланған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/02/2026 11:44
55 0

Уведомление