Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 10 мыңнан астам адам қамауға алынған

Сот шешімі бойынша 10 мыңнан аса адам қамауға алынды, 8,5 мың адамға ескерту берілді, 665 адамға айыппұл салынды


18/10/2022
14:08 26920 0

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты биыл 1мыңнан астам адам қамауға алынған. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. 

 

– Министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сигналдарға тиісті шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері отбасын шырқын бұзатындарға қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде сот шешімі бойынша 10 мыңна аса адам қамауға алынды, 8,5 мың адамға ескерту берілді, 665 адамға айыппұл салынды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 67 мың қорғау нұсқамасы шығарылды, – деді министр. 

 

Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылық қай өңірлерде көп екенін айтты. Оның  сөзінше, биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 100 мыңнан астам сигнал келіп түскен. Олардың басым көпшілігі Астана, Алматы, Шымкет қалалары мен Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында тіркелген. 

 

– Олардың көпшілігі Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында тіркелді. Бірақ олардың 60%-ы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмады. Өйткені, оқиға орнына келгенде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартты – 62%. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтінішсіз полицейлер отбасының шырқын бұзатындарды жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде, бұл оның жазадан құтылуына жол береді, қол жұмсау әдетке айналады. Түбінде оның ауыр зардабы болады, – деді Ахметжанов.

Поделиться

Нет комментариев.

18/10/2022 14:08
26920 0

Уведомление