Түрмеде отырған Ресей оппозиционері Алексей Навальный аштық жариялады

Ол «дәрігерге қаралып, емделуіме кедергі жасалып жатыр» дейді


01/04/2021
10:24 42702 0

Фото: interfax.ru

 

Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальный түрмеде аштық жариялады. Ол абақты басшылығы дәрігерге қаралып, емделуге мұрша бермей отыр дейді. Оппозиционердің шағымы өзінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды

 

— Кейінгі айда күн сайын өзіме дәрігер жіберіп, дәрі-дәрмек беруді талап етіп жүрмін. Заңға сай, медициналық көмек алу құқығым бар. Алайда бұл құқығым бұзылып жатыр, — дейді ол. 

 

Навальный арқасы, екі аяғы ауырып жүргенін айтады. Одан бөлек, ол түрмедегілер өзін бір түнде сегіз рет оятып, ұйқы бермейді, төсегінің айналасына құм шашып кетеді деп шағымданды.  

 

Навальный 2013 жылы «Ив Роше» ісі бойынша сотталып, бас бостандығы шектелген еді. Былтыр уланып, әйелі оны Германияға емдеуге алып кеткен. 2 ақпанда сот оның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға алмастырды. Енді оппозиционер абақтыда 2,5 жыл отырады.

Поделиться

Нет комментариев.

01/04/2021 10:24
42702 0

Уведомление