Түркияда жол көлік апатынан жарақат алған қазақстандық турист қаза тапты

СІМ әзірге қайтыс болған адам жөнінде толық ақпарат жоқ дейді


31/07/2023
16:02 14209 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан қазақстандық турист қаза тапты. Бұл жөнінде сыртқы істер министрлігі хабарлады.

 

СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың сөзінше, әзірге қаза тапқан адам жөнінде толық ақпарат жоқ. Бірақ Түркияның Анталья провинциясында жол апатына ұшыраған микроавтобус ішіндегі туристердің барлығы Қазақстанның Маңғыстау облысынан барған деген болжам бар. 

 

– Зардап шеккендер есін енді жинап жатыр. Үш адам ауруханаға түскен, бірақ әрқайсы бөлек-бөлек ауруханада, консул үшеуіне де барып, хал-ахуалдарын біліп отыр, – деді Смадияров.

 

3шілдеде Түркияның Анталья провинциясында қазақстандық туристер мінген автобусқа жүк көлігі соқтығысып, жол көлік апаты болған. Салдарынан микроавтобус жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында көз жұмып, он адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат тараған. 

Поделиться

Нет комментариев.

31/07/2023 16:02
14209 0

Уведомление