Түркияда үйінді астынан екі қазақстандықтың денесі табылды

Қаза тапқандардың туыстары әлеуметтік желіде үйіндіні аршу үшін кран қажеттігін айтып, көмек сұраған


10/02/2023
11:47 16169 0

Фото: ҚР ТЖМ

 

Түркияның Хатай провинциясындағы Антакия қаласында үйінді астынан Әділ Қадырбековтің денесі табылды. Ол қираған алты қабатты ғимарат астында қалып қойған. Ақпараттарға сүйенсек, ол зілзала болған кезде қайтыс болған.

 

Құтқарушылар тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесін де сол маңнан тапты. Оны сол жерде жүрген бауыры Алмат Құрмашев растады.

 

Бұған дейін қаза тапқандардың туыстары әлеуметтік желіде үйіндіні аршу үшін кран қажеттігін айтқан. 

 

ақпанда Ақорда Хатайға қазақстандықтарды құтқару үшін Қазақстан мамандары аттанғанын хабарлаған. 

 

8 ақпанда қазақстандық Сабина Мамадиярова үйінді астынан, аман-есен табылған.

 

Қазір Түркия мен Сирияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 19 мыңнан асты.

Поделиться

Нет комментариев.

10/02/2023 11:47
16169 0

Уведомление