Түркия оппозициясы президент сайлауына ортақ кандидат ұсынды

Сайлауда оппозиция жеңсе, Түркия парламенттік жүйеге көшуі мүмкін


07/03/2023
16:15 20342 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Алты партиядан құрылған «Халықтық альянс» атынан 74 жастағы саясаткер Кемал Кылычтароглы сайлауға түседі. Ол кезінде Мұстафа Кемал негізін қалаған Халықтық – республикалық партиясының төрағасы. 

 

Президент сайлауында оппозиция жеңіске жетсе, мемлекет басшысының бірқатар өкілеті қысқарып, парламенттік жүйеге көшу басталуы мүмкін.

Режеп Тайып Ердоған 10 наурызда сайлауға дайындықты бастау жөніндегі қаулыға қол қоятынын хабарлаған. Қол қойылғаннан кейін 60 күн сайлауалды кезең, сосын, 14 мамырда президент сайлауы болады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

07/03/2023 16:15
20342 0

Уведомление