Түркістандық азамат бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған: сот шешімі шықты
Ер адам мұндай әрекетке ақшаға мұқтаждықтан барған, деп хабарлайды Masa media.
Сотталушыға ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, ҚК-нің 116-бабының 1-бөлігі – трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адаманың ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталды деген айып тағылған.
«Сотталушы өзінің бүйрегін сату мақсатында, 2025 жылдың ақпан айында «Телеграмм» әлеуметтік желісі арқылы жарнамалап, нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаушы ішкі істер органдарының қызметкері «А» есімді тұлғамен жолығып, 13 млн теңге қаражатқа сататынын келісіп, содан 5 млн теңге ақша қаражатын қолма-қол арқылы алу барысында ұсталған», - дейді соттағылар.
Ер азамат сотта өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын, сол себепті өзінің ағзасын сатуды жоспарлағанын көрсетіп, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.
«Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданып, ер азаматты қылмыстық жауаптылықтан босатты», - делінген хабарламада.
15:41
56
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.