Түрікменстанда дүкенде кезекке тұруға тыйым салынған

Бәрі «президент беделін түсірмеу» үшін


29/04/2021
12:05 38593 0

Фото: total.kz

 

Түрікменстанның вице-премьері әрі президенттің ұлы Сердар Бердімұхаметов Түрікменбатта дүкенде кезекке тұруға тыйым салған. Мұны TJ хабарлады

 

— Сердар Бердімұхаметов сауда министріне дүкеннің алдына не айналасына адам жиналмайтын қыл деп бұйрық берді. Өйткені адамдардың топ болып тұрғаны оның әкесінің — президенттің беделіне нұқсан келтіреді, — деген «Азатлықтың» сауда министрлігіндегі дереккөзі. 

 

Жаңа ережеге сай, кезек болмауы үшін азаматтар дүкенге келіп тіркеліп, ол жақтан қоңырау күтуге тиіс. Түрікменбатта дүкен алдында көп дегенде төрт адам тұра алады, қалғандары кезегін жақын маңдағы подъездерде күтеді. 

 

22 сәуірде Ашқабатта да дәл осындай тыйым салынды. Бірақ халық мұны елемей, кезекке тұрған. Полиция кейбірін ұстап әкетті. 

 

Кейінгі төрт жылда Түрікменстанда азық-түлік жетіспегендіктен халық таң атпай кезекке тұруға мәжбүр. Билік дағдарыс барын жоққа шығарады.

Поделиться

Нет комментариев.

29/04/2021 12:05
38593 0

Уведомление