Түрікменстан президенті жаңа парламент палатасының төрағасы болды

Түрікменстан Конституциясы бойынша президент парламентке мүше бола алмайды


16/04/2021
10:35 43879 0

Фото: ria.ru

 

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаметов парламенттің жаңа палатасының — Халық мәслихатының төрағасы болды. Мұны «Түрікменстан хроникасы» хабарлайды.

 

Мемлекет басшысын төраға қылып сайлаймыз деп палатаның барлық мүшесі бірауыздан дауыс берген. Жалпы, онда 54 депутат отырады. Оның сегізін президент тағайындайды.

 

Жаңа палатаны сайлау 28 наурызда өтті. 29 наурызда оған президент те сайланғаны белгілі болды. Алайда жергілікті БАҚ кандидаттар тізімінде оның есімі болмағанын айтады. 

 

Ел Конституциясы бойынша президент парламентке мүше не депутат бола алмайды. Одан бөлек, Бердімұхаметов үкіметті де басқарып отыр. Бірақ Конституцияға сай, бір адам бір уақытта үкімет пен парламентке мүше бола алмайды.

Поделиться

Нет комментариев.

16/04/2021 10:35
43879 0

Уведомление