Түрік прокуратурасы сұхбат кезінде мақал айтқан журналисті қамады

Седеф Қабашқа президентке тіл тигізді деген айып тағылған


24/01/2022
12:17 35351 0

Фото: bbc.com

 

Түрік прокуратурасы сұхбат кезінде мақал айтқан журналист Седеф Қабашты президент Режеп Ердоғанға тіл тигізді деп қамады. Мұны CNN хабарлайды.

 

Қабаш Tele1 оппозициялық арнасына сұхбат берерде «Мал сарайда тұрса да, патша болмас, ол сарай, керісінше, қораға айналар» деген, бірақ президенттің атын атамаған. Бас прокуратура журналист осылай президентке тіл тигізді дейді. Ал әділет министрі «халық сайлаған президентке бағытталған ерсі сөздерді қарғайтынын» айтты. 

 

«Шекарасыз репортёрлар» халықаралық ұйымының дерегіне сенсек, Түркияда осындай айыппен 70 шақты журналист сотталған.

 

Режеп Ердоған Түркия басшылығына 2014 жылы келді, оның алдында 11 жыл премьер-министр болды. Президентті жұрт оппозицияны басып-жаншитын авторитар басшы санайды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/01/2022 12:17
35351 0

Уведомление