«Трактор-танк төңкерісі»: Прокурор күдіктілерді 3 жылдан 15 жылға дейін соттауды сұрады


31/01/2024
17:14 4062 0

Фото: Masa Media

 

Алматыда «Мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды» деп айыпталған жеті адамның сотында жарыссөз басталды. Бұл жөнінде сот залынан Masa Media тілшісі хабарлады. 

 

31 қаңтарда өткен сот процесінде түске дейін айыпталушылар мен олардың адвокаттарының өтініші мен талап-тілектері тыңдалды. Адвокат Төлеген Берліқожа соттан процеске тергеушіні шақыруды сұрады. Ол істі тергеу барысында айыпталушылардың телефондарына не себепті детализация жүргізілмегенін сұрау қажеттігін айтты. 

 

Прокурор оған қарсылық білдірдіОл тергеушіден осы уақытқа дейін жауап алынғанынсол кезде сұрақтарқойылғанын алға тартыпөтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады

 

Судья Бақытхан Бәкірбаев детализация жасамау тергеудің өзінің қателігі мен жұмысы екенін айтыпадвокаттыңөтінішін қанағаттандырмады

 

Айыпталушы Бағдагүл Андреева іске тіркелген стенограммада сөздері үзік-үзік екенін, оны ҰҚК өздері құрастырғанын айтыпоны жарамсыз деп тануды сұрап, сотқа өтінішхат түсірді

 

— Қарама-қайшы сөздерді ҰҚК-ныі өздері құрастырып отырғаны көрініп тұр… Құрметті сотмаған қарсықолданылған стенограмма сөздерін жарамсыз деп тануыңызды өтінемін, — деді Андреева.

 

Бұдан бөлекАндреева өзіне қарсы куәлік берген адамдардың куәлігін де жарамсыз деп тануды сұрадыОныңсөзіншекуә – Жанат Ысқақов істе «Молекула» лақап атты ҰҚК агенті

 

Сотталушы Сағынгүл Қонар да істегі стенограмма сөздері әдейі өзгертіліпөзіне қарсы құрастырылғанын айттыОл соттан стенограмма сөздерін жарамсыз деп танудыоған сараптама жасаған сарапшыларды жауапқа тартудысұрады.

 

Осыдан кейін адвокат Төлеген Берліқожа стенограммаға сараптама жасаған сарапшыларды сотқа шақырыпжауапалуды сұрадыСудья бұл өтінішті де қанағаттандырмады.

 

Адвокат Жанар Балғабаева да істегі стенограммалардағы сөздердің өзгертілгенін айтыпөтінішхат түсірдіОл дасарапшыларды сотқа шақыруды сұрады.

 

Судья өтінішхаттарды үкім шығатын уақытта қарайтынын мәлімдепсот тергеуі аяқталыпжарыссөзге көшетінінайтты.

 

Айыптаушы прокурор Рахат Естібек сотталушылардың барлығын кінәлі деп танып, Айдос Илипбаевты 3 жыл 4 айға, Ақылжан Қисымбаев, Теңлік Нұрланов, Олжас Құлжаханов, Сағынгүл Қонарды 13 жылға, Ержан Төреқұлов пен Бағдагүл Андрееваны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Келесі сот процесі 7 ақпанда өтеді. 

 

 

Бұл процесс ел арасында «трактор-танк төңкерісі» аталып кеткен. Оған сот кезінде күдіктілер «трактормен Ақорданы басып алмақ болды» деген деректердің айтылуы себеп болған. 

 

Бағдагүл Андреева, Қонар Сағынкүл, Ержан Төреқұлов, Айдос Илипбаев, Теңлік Нұрланов және Олжас Құлжаханов және Ақылжан Қисымбаевқа «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» мақсатында «экстремистік топ құрып»«билікті басып алуды көздеген» деген айып тағылған. Илипбаевтан басқасының бәрі тағылған айыптарды жоққа шығарған. Қазақстандық құқық қорғаушылар биыл айыпталушылардың ісі саясиланғанын айтып, оларды «саяси тұтқындар» қатарына қосқан. 

 

2022 жылы кезектен тыс президент сайлауы алдында ұлттық қауіпсіздік комитеті сайлау күні билікті басып алмақ болды деп 7 адамды ұстағанын мәлімдеген. Ұсталғандарды шетелде тұратын банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовқа «көңілі ауғандар, тыйым салынған ҚДТ мен «Көше партиясын» қолдаушылар, криминалдар»деп сипаттаған. Өзге ақпаратты қылмыстық кодекске сілтеп, құпия қалдырған. Ал Әблязов мұны «биліктің қорқынышы» деп атаған. Ұсталғандардың туыстары бұл айыптауға сенбей, оларды босатуды талап еткен.

Қазақстан билігі экстремистік деп таныған ҚДТ мен «Көше партиясын» Еуропарламент қарарында "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атайды. Ақылжан Қисымбаев – Қаңтар кезінде жарақаттанып, ауруханаға жатқызылған, сол жерден арнайы жасақ ұстап әкетіп, тергеу изоляторында азапталғандардың бірі. Ол былтырдан бері өзін азаптағандарды жазалауды талап етіп келеді.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/01/2024 17:14
4062 0

Уведомление