ТОП-10: Әлемдегі ең бай адамдардың есімі жарияланды
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша әлемдегі ең бай адамдардың тізімі жарияланды.
Daily Express дерегіне, әлемдік тізімге байлығы 138 миллиард доллардан асатын азаматтар енген. Олардың басым бөлігі – америкалықтар.
1-орында – Илон Маск
Байлығы: 726 млрд доллар (өткен айдан 244 млрд долларға көп)
Табыс көзі: Tesla, SpaceX, xAI, X
Жасы: 54
2-орында – Ларри Пейдж
Байлығы: 257 млрд доллар (өткен аймен салыстырғанда 5 млрд долларға азайған)
Табыс көзі: Google компаниясының тең құрылтайшысы, бұрынғы бас директоры
Жасы: 52
3-орында – Ларри Эллисон
Байлығы: 245 млрд доллар (өткен аймен салыстырғанда 8 млрд долларға азайған)
Табыс көзі: Oracle компаниясының тең құрылтайшысы
Жасы: 81
4-орында – Джефф Безос
Байлығы: 242 млрд доллар (өткен аймен салыстырғанда 2 млрд долларға аз)
Табыс көзі: Amazon компаниясының бас директоры
Жасы: 62
5-орында – Сергей Брин
Байлығы: 237 млрд доллар (өткен аймен салыстырғанда 6 млрд долларға азайған)
Табыс көзі: Ларри Пейджбен бірге Google компаниясын құрған.
Жасы: 52
6-орында – Марк Цукерберг
Байлығы: 226 млрд доллар (өткен айдан 4 млрд долларға көп)
Табыс көзі: Meta компаниясының тең құрылтайшысы
Жасы: 41
7-орында – Бернар Арно
Байлығы: 195 млрд доллар (өткен айдан 5 млрд долларға көп)
Табыс көзі: LVMH компаниясының бас директоры
Жасы: 76
8-орында – Дженсен Хуанг
Байлығы: 162 млрд доллар (өткен айдан 8 млрд долларға көп)
Табыс көзі: Nvidia компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры
Жасы: 62
9-орында – Уоррен Баффет
Байлығы: 149 млрд доллар (өткен аймен салыстырғанда 3 млрд долларға азайған)
Табыс көзі: Berkshire Hathaway компаниясының бұрынғы бас директоры
Жасы: 95
10-орында – Стив Балмер
Байлығы: 147 млрд доллар (желтоқсанмен салыстырғанда 2 млрд долларға аз)
Табыс көзі: Microsoft компаниясының бұрынғы бас директоры
Жасы: 69
10:24
34
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.