Тоқаевты жауапқа тартуды талап еткен Дәнебаев түрмеде қысым көруде

Бұған дейін оның абақтыда азапталғаны жөнінде ақпарат тарған


24/01/2024
17:14 4014 0

Фото: Malim.kz

 

Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «20 мың террорист келді деп жалған ақпарат таратты» деп жауапқа тартуды талап етіп, кейіннен өзі істі болып, үш жылға сотталған белсенді Тимур Дәнаебв түрмеде қысым көруде. Бұл жөнінде оның ағасы Марат Дәнебаев хабарлады. 

 

– Тимур қамаудағы жағдайдың нашарлығын айтып, шағым жазуда. Тимур шағым жазбас үшін оған подполковник, тергеу бөлімінің бастығы Қарсақпаев Мейрам Төленбиұлы Қарағандыға ауыстырамын және (қазір қамауда отырған) N64 мекемеде азаптаймын деп қысым жасауда. Негізінде оны қауіпсіздік үшін дәл осы мекемеге ауыстырған, – деп жазды Марат Дәнебаев facebook желісінде. 

 

Бұдан бөлек, ол Тимур Дәнебаевқа медициналық көмек қажеттігін айтты. Оның сөзінше, азаптаулардан кейін оның денсаулығына зақым келген. 

 

Адвокат Жалғас Сапарханова Тимур Дәнебаевқа жасалып жатқан қысым «азаптау ісімен» байланысты дейді. Оның айтуынша, азаптау ісі бойынша тағы екі адам күдікті деп танылған. 

 

2023 жылы 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Тимур Дәнебаевтың қамауда азапталып жатқаны бейнеленген видеоролик тараған. 8 қыркүйекте қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбаев азаптауға қатысы бар деген Атбасар колониясының тоғыз қызметкері жұмыстан босатылғанын хабарлаған. Бұдан бөлек, мекеме басшысы мен орынбасары, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары қызметтерінен босатылған. 

 

30 қыркүйекте Тимур Дәнебаев Астананың тергеу изоляторына ауысырылған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/01/2024 17:14
4014 0

Уведомление