Тоқаевты жауапқа тартпақ болған «саяси тұтқын» түрмеде азапталуда

Тимур Дәнебаевты азаптаған видео тарады


04/09/2023
11:55 13451 0

Фото: malim.kz

 

Әлеуметтік желіде 2022 жылы ақпанда Қаңтар оқиғасы кезінде елге 20 мың террорист келді деп мәлімдеген президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жауапқа тартуды талап етіп, полицияға арыз жазып, кейіннен «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айыппен 3 жылға сотталған Тимур Дәнебаевтың түрмеде азапталып жатқаны жөнінде ақпарат тарады.

 

Ақмола облысына қарасты Атбасар елді мекеніндегі жалпы режимдегі түрмеден тарады делінген видеода мекеме қызметкерлері Тимур Дәнебаевты дәретхана жумағаны үшін соққыға жыққаны бейнеленген. Онда түрме қызметкерінің киімін киген бірнеше адам Дәнебаевтың қол-аяғынан басып отырады, енді бір адам дубинкамен оның аяғынан бірнеше рет ұрады. Тимур Дәнебаевтың өзі бейнекамера алдында «түрме әкімшілігінің талаптарына бағынатынын, бірақ азаптауға қарсы екенін айтады». 

 

15 маусымда Астана соты Тимур Дәнебаевты «Ұлтаралық араздықты қоздырды» (ҚК 174-бабының 1-бөлігі) деген айыппен кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырған. 1 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған. 

 

Сол уақытта адвокат Ләззат Теміржанова сот кезінде де, тергеу кезінде де қылмыстық-процессуалдық заңнама өрескел бұзылғанын айтқан. 

 

– Қорғау тарабының пікірінше, қылмыстық-процессуалдық заңнама өрескел бұзылды, іс біржақты қаралды. Біз тіпті судьяны ауыстыруды талап еттік. Сараптама кезінде де заңсыздықтар болды. Мұндай нәрселер сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары кезінде, сот кезінде де болды. Бірақ бұған облыстық сот назар аударған жоқдеген Теміржанова

 

Шілде айында Тимур Дәнебаевты құқық қорғаушылар «саяси тұтқындар» қатарына қосқан.  

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/09/2023 11:55
13451 0

Уведомление