Тоқаевтың дебатқа қатысатын уақыты жоқ

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өте тығыз


09/11/2022
12:39 23922 0

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті президенттікке кандидаттар арасында өтетін дебатқа қатыса алмайтынын түсіндірді. Оның сөзінше, Тоқаевтың жұмыс кестесі өте тығыз. 

 

– Біріншіден, қазір президент өз өкілетін жалғастырып жатыр. Жұмыс кестесі өте тығыз. Президент болу мемлекеттік бүкіл тағдырына, ішкі және сыртқы саясатына жауап беру. Екіншіден, дебатқа штабтың атынан басқа өкілдің қатысуы ешбір сайлау заңына қайшы емес, – деді Қошанов.

 

Президенттікке үміткерлер арасындағы дебат 11 қарашада өтеді. Оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Осыған дейін 80 минуттық дебат үшін «Хабар» агенттігінің 63 миллион теңге алатыны хабарланған. 

 

Дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзге кандидаттардың барлығы қатысады. Тоқаевтың орнынан оның сенімді өкілі Ерлан Қошанов қатысады. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/11/2022 12:39
23922 0

Уведомление