Тоқаевқа сұрақ қойған Көкшетау журналисі 10 күнге қамалды

Сот сауал құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейді дейді


13/01/2022
11:28 38038 0

Фото: Нұржан Баймулдиннің әлжелісінен

 

«Көкшетау Азия» ақпарат агенттігінің жаңалық бөлімінің шеф-редакторы Нұржан Баймулдин Facebook-те президентке сұрақ қойғаны үшін 10 күнге қамалды. Мұны Ақмола облысының полиция басқармасының хабарына сүйеніп 716.kz хабарлайды.

 

Сот «пост төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіп бұзуға итермелейді» (Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 478-бабы) деп шешкен. 

 

«Тоқаевқа сұрақ қойғаным үшін 10 күнге қамалдым. Сағат түскі 12-ден түнгі 11-ге дейін қарауылды күтіп отырмын, ас жоқ, су жоқ, заттарым да жоқ. Полиция басшысының орынбасарымын деген арнайы қызметкер алдап шақырып алды. Үш сағаттан астам адвокатсыз ұстады. Бөлімшедегілер менен ілік іздеп, протоколға үш рет жаңа сұрақтар енгізді. Тергеуші бір жаққа кетіп қала берді, қайтарда біреумен келісілген жаңа сұрақтарын ала келеді», — дейді ол Facebook-те. Кейін пост өшірілген.  

 

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының басшысы Тамара Қалеева тергеу кезінде Баймулдиннің жағдайы нашарланғанын айтады. Ондағылар жедел жәрдем шақырған, медқызметкерлер журналисті ЖРВИ жұқтырған деп ауруханаға апарудан бас тартқан. 

 

Баймулдин поста «президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметін жариялайтынын неге ҰҚШҰ отрысында хабарлайды» деп сұрақ қойған. 

 

Қазақстанда газ наразылығы басталғалы бері үш журналист түрлі себеппен қамалды: Нұрлан Баймулдин, «Орал апталығының» редакторы, «рұқсат алмай көпшілік жиын өткізген» Лұқпан Ахмедияров пен altaynews.kz редакторы, «рұқсат етілмеген жиынға қатысқан» Дарын Нұрсапар.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/01/2022 11:28
38038 0

Уведомление