Тоқаев теледебатқа қатыспайды

Дебатқа Қошанов барады


08/11/2022
11:53 15537 0

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыспайды. Оның атынан сайлаудағы сенімді өкілі, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысады. 

 

Дебат 11 қарашада «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтеді. Ол төрт кезеңнен тұрады: 

 

– Сайлау алды бағдарламаны таныстыру

– Дискуссиялық сессия (қатысушылар бір-біріне екі сұрақтан қояды)

– Cайлаушылар сұрағы (әр кандидатқа бір сұрақтан)

– Сайлаушыларға үндеу

 

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы өткен президент сайлауында да дебатқа қатыспаған. Оның орнына Сенат спикері Мәулен Әшімбаев барған. 

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та бірде-бір теледебатқа қатыспаған. Ол да пікірталасқа өзінің орнынан сенімді өкілін жіберетін. 

 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазір кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізір, ел аралауда. Сарапшылар бұл жолғы сайлауда да бәсекелестік жоқ деп есептейді.

Поделиться

Нет комментариев.

08/11/2022 11:53
15537 0

Уведомление