Тоқаев ардагерлердің атынан сайлауға қатыса алады

«Ардагерлер ұйымы» ешқандай партияға мүше емес Тоқаевтың кандидатурасын қолдады


05/10/2022
13:32 22047 0

«Ардагерлер ұйымы» мен «Қазақстан азаматтық альянсы» кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. 

Бірінші болып «Қазақстан азматтық альянсы» Тоқаевты үміткер ретінде ұсынуды қолдады. Кейіннен бұл бастаманы «Ардагерлер ұйымы» қуаттады. Екі ұйым да қазіргі президенттің кандидатурасын бір ауыздан қолдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірде «Аманат» партиясының құрамынан шығып, төрағалығынан кеткен. Ол бұны мемлекет басшысы ешқандай партияның мүшесі болмау керек, бейтарап ұстанымда болуы тиіс деп түсіндірген. 

– Бұл менің ұстанымым. Бұл сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік береді. Саяси жүйеде әділдік болады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмағанда халықтың оған деген сенімі артады, беделі өседі, – деп мәлімдеген Тоқаев. 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. 

Заң бойынша президент сайлауына кандидаттарды партия немесе кем дегенде 9 аймақта бөлімшесі бар ұйым ұсынады. Азаматтар өз-өзін үміткер ретінде ұсына алмайды. 

Поделиться

Нет комментариев.

05/10/2022 13:32
22047 0

Уведомление