Тәліптер Ауғанстан туын қолдап көшеге шыққандарға оқ атқан

Ал митиңнен ақпарат таратқан журналистерді соққыға жыққан


18/08/2021
17:07 35455 0

Фото: interaffairs.ru

 

Жәлелебатта Ауғанстан туын қолдау үшін наразылыққа шыққандарға тәліптер оқ жаудырған. Мұны «Жаңалықтар» РАА жергілікті тұрғынның сөзіне сілтеп хабарлайды

 

Агенттіктің ақпаратына сенсек, кей наразы жараланып, кейбірі көз жұмған. Тәліптер митиңді тікелей эфирден көрсеткен журналистерді де соққыға жыққан. 

 

Халық көшеге Ауғанстанның мемлекеттік туын қолдаймыз деп шыққан. Бұл рәміз 2013 жылы, ел тәліптерден азат болғанда қабылданған. 

 

15 тамызда бүкіл Ауғанстан «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысына өтті. Президент Әшреф Ғани елден қашты. Құқық қорғаушылар Ауғанстанда адам, әсіресе әйел құқығы өрескел бұзылып жатыр дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

18/08/2021 17:07
35455 0

Уведомление