Тіркелмеген Демпартия парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Әзірге партия атынан кімдердің сайлауға түсетіні белгісіз


30/01/2023
15:02 17081 0

 Фото: Ашық дереккөзден

 

Тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия мүшелері мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысатындарын мәлімдеді. 

 

– Демократиялық партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің белсенділерімен ақылдаса келе, белгілі сарапшылармен, саясаттанушылармен кеңесе отырып, біз алдағы парламент сайлауына қатысамыз деген шешім қабылдадық! Парламент атқарушы биліктің айтқанын орындап, дегенін жасап отыратын нотариус болмауы тиіс, – деп жазды бастамашыл топ мүшесі Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасына. 

 

Иманбай сайлауға Демпартия атынан қатысатын адамдардың аты-жөнін айтпады. Ол үміткерлер Алматы қаласынан ғана емес, өзге де аймақтардан сайлауға түсетінін мәлімдеді. 

 

– Мәжіліс сайлауына тек қана Алматы қаласы бойынша емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінен азаматтар қатысады деген байламға келдік. Парламент атқарушы биліктің айтқанын орындап, дегенін жасап отыратын нотариус болмауы тиіс, – деді ол. 

 

Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай қазір үйқамақта отыр. Оған «билік өкіліне тіл тигізу» және «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша айып тағылған. Жақында оған Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айып қайтадан тағылған. 

 

Қазақстанда кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы сайланған мәжіліс пен мәслихатты 19 қаңтарда таратқан. 

 

Биылғы парламент сайлауы ескі де жаңа жүйе бойынша өтеді. Атап айтқанда, үміткерлер 30 пайыз мажоритарлық, 70 пайыз партиялық тізім бойынша сайлауға түседі. Бұндай Қазақстанда жүйе 2004 жылға дейін болған. Кейіннен 2007 жылы Конституция өзгеріп, парламент сайлауы тек партиялық тізіммен өтетін болған. 

Поделиться

Нет комментариев.

30/01/2023 15:02
17081 0

Уведомление