Типографиялар Қанды Қаңтар жайлы кітапты басудан бас тартқан

Бұған дейін баспаханаға құқық қорғау қызметкерлері барғаны хабарланған


24/01/2024
16:05 9517 0

Фото: Данияр Мусиров

 

Журналист Данияр Молдабековтің Қаңтар жайлы кітабын типографиялар басудан бас тартты. Бұл жөнінде автордың өзі хабарлады.

 

– Менің Қаңтар жайлы кітабымды басуды қолға алған баспа барлық типография кітапты басудан бас тартқанын хабарлады. Алдын ала тапсырыс бергендерге ақшаларын қайтарып береді. Кітапты міндетті түрде басып шығарамын, тек қашан, қайда және қалай екенін ойластыру керек, – деп жазды Данияр Молдабеков телегар желісінде.  

 

Бір күн бұрын ол баспаға «құқық қорғау қызметкерлері» келіп, кітапты «оқуға беруін» сұрағанын айтқан. Журналист мұны қысым деп бағалап, беруден бас тартқан.

 

Данияр Молжабековтің кітабы «Қаңтар жылы» деп аталады. Ол ресми дерек бойынша 238 адамның өмірін қиған 2022 жылғы Қанды Қаңтар жөнінде. 

 

Журналист бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде кітаптың таныстырылымын жасап, алдын ала тапсырыс беруге болатынын айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/01/2024 16:05
9517 0

Уведомление