Үтікпен азаптау ісі. Жәбірленушілер соттың жүру барысына наразы

Сотқа келгімде келмейді. Ешқандай үміт жоқ. Бұлардың бәрі бірге екеніне ешқандай күмәнім де жоқ


03/10/2022
09:57 22639 0

Айыпталушы полиция қызметкерлері.

Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптады деп айыпталған полиция қызметкерлерінің соты тағы да кейінге қалдырылды. Судья Бекмұрат Дүйсенбеков сот отырысында аудармашының болмауына байланысты процесті 6 қазанға шегерді. Оның бұл шешіміне жәбірленуші тарап қарсылық білдіріп, бұны сотты әдейі созу деп бағалады.

Қаңтарда азапталған Арнұр Тұралықов сотқа ешқандай үмітім қалмады дейді. Оның сөзінше, сот пен айыпталушылар бірлесіп жұмыс істейді. 

– Өзімді тергеген кезде барлығын айтамын, болды.  Жауабын ғана күтемін. Сотқа келгімде келмейді. Ешқандай үміт жоқ. Бұлардың бәрі бірге екеніне ешқандай күмәнім жоқ, – дейді Тұралықов. 

Тұралықов жеке басының қауіпсіздігіне алаңдайды. Оның сөзінше, қолында айыпталушыларға қатысты видео дәлелдер бар. Бүгінгі сот отырысында соны көрсетіп, айтпақ болған.  

– Бүгін сотқа дайындалып келдік. Бірақ судья аудармашы жоқ деп отырысты кейінгі шегерді. Біз қорқатын болдық. Сот оларды онсыз да қамамай отыр. Маған олардың (айыпталушы полиция қызметкерлерінің – ред) әйелдері, туыстары келген видео бар. Мен жаңа оны прокурорға көрсеттім. Бұл дәлел. Егер маған бір нәрсе болып қалса таң қалмаңыздар. Бұның барлығын сотта айтамын. Қазір ешнәрсе деп айта алмаймын. Қарға қарғаның көзін шұқымайды деген рас екен... , – дейді Тұралықов. 

 

Құқық қорғаушы Гүлмира Қуатбекова соттың кейінге қалдыруын Еуроодақ бақылаушыларының келуімен байланысты болуы мүмкін дейін. Оның сөзінше, заң бойынша аудармашысыз сот процесін өткізуге болмайды. Бірақ жәбірленушілердің денсауығы күн өткен сайын нашарлауда. Соттың созылуы оларға ауыр тиюде.  

– Жәбірленушілер соттың кейінге қалдыруына наразылық білдіруде. Еуроодақ пен Қаңтар қорының бақылаушылары келгенен олар негізге алып, сотты кейінге шегеруі мүмкін. Бүгінгі сот процесіне көптеген бақылаушы келді. Заң бойынша аудармашысыз сот отырысы өтпеуі керек. Бірақ өткен сот процестерінде не себепті аудармашы бір ауыз сөз аудармады? Осыған байланысты қорғаушылар мен жәбірленушілер бір-бірін түсінбей қалды. Қазір жәбірленушілердің денсаулығы күн өткен сайын нашарлауда. Біз олармен кешеден бері кездесіп, жағдайларын біліп жатырмыз, – дейді Қуатбекова. 

Бұған дейінгі сот отырысында жәбірленуші тарап күдіктілер арасында азаптауға қатысқан өзге адамдардың жоқтығын айтып, қайта тергеу өткізуді талап еткен. Бүгінгі сотта судья осы өтінішті қарау керек болған. Келесі сот отырысы 6 қазанда өтуі тиіс. Бірақ айыпталушы тараптың адвокаттары ол күні келе алмайтынын айтып, процесті басқа күнге қоюды сұрады. Бірақ судья бұл сауалды ескермеді. 

Поделиться

Нет комментариев.

03/10/2022 09:57
22639 0

Уведомление