Үтікпен азаптау бойынша бес полиция қызметкері жауапқа тартылмақ

Талдықорғандағы үтікпен азаптау істері сотқа жіберілді


09/08/2022
14:25 28731 0

Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған полициясында 2үтікпен азаптау фактысы дәлелденген. Бұл жөнінде Бас прокуратура баспасөз қызметі хабарлады. 

 

– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша прокуратура органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысы полиция департаментінде үтікпен азаптауға байланысты жүргізген тексеру жұмыстарын аяқтады. Нәтижесінде қаңтар айының 7-і мен 17-і аралығында Талдықорған қаласында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция қызметкерлерінің 23 азаматты (үтік басып-ред) азаптағаны дәлелденді, – деленген мәлімдемеде. 

 

ҚР Қылмыстық Кодексінің 146 бабы (азаптау) бойынша бес полиция қызметкері күдікті деп танылған. Оның ішінде үш криминалды полиция басқармасының қызметкері, бір әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және бір СОБР қызметкері бар. 

 

Бас прокуратура мәліметінше, тамыздың 4-і күні қылмыстық істер сотқа жіберілген. Азаптау бойынша басқа істерді қарау аяқталуға жақын. 

 

Бұған дейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов азаптау бойынша істердің 96 пайызын дәлелдеу қиын екенін, арызданушылардың азаптағандарды тани алмай жатқанын айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

09/08/2022 14:25
28731 0

Уведомление