Тихановская Беларусьте жалпыұлттық ереуіл басталғанын хабарлады

Оның айтуынша, елде жұмысшылар наразылығы басталып, жолдар жабылады, мемдүкендерде «сауда көлемі» құлдырайды


26/10/2020
12:05 47140 0

Фото: rbc.ru

 

Оппозиция көшбасшысы Светлана Тихановская Беларусьте жалпыұлттық ереуіл басталғанын хабарлады. Бұл туралы Telegram-да саясаткердің баспасөз қызметі жазды. 

 

13 қазанда президенттіктен үміткер болған Тихановская ресми сайланған президент Александр Лукашенкоға ультиматум қойған еді. Оның үш талабы болды:

 

— Лукашенконың өз орнын босатуы;

— Наразыларға жәбір көрсетуді тоқтату;

— Барлық саяси тұтқынды босату. 

 

Талаптарды орындауға 25 қазанға дейін уақыт берілді. Орындалмаса, Тихановская елде жалпыұлттық ереуіл басталатынын айтқан еді. Оның аясында өнеркәсіптер жұмысын тоқтатады, жолдар жабылып, мемлекеттік дүкендерде «сауда көлемі құлдырайды». 

 

25 қазанда елде бейбіт шерулер болды. Оған, НEXTA Live Telegram каналының мәліметінше, 100 мыңнан астам қатысқан. Әзірге ресми дерек жоқ. 

 

Беларусь жалпыұлттық ереуіл комитетінің хабарлауынша, кей жұмыс орнында жұмысшылар наразылыққа шыға бастады. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/10/2020 12:05
47140 0

Уведомление