«Үтік басқыш» Кенжебаев сотқа келмей қойды

Адвокат Руслан Есейбеков қорғауындағы Кенжебаевтың сырқаттанып қалғанын білмейді


30/12/2022
12:26 39731 0

Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды «азаптады» деп айыпталған бес полицейдің ісі жалғасуда. 

30 желтоқсанда өткен сот отырысында адамдарды «үтік басып» азаптады деп айыпталған полицей Айдын Кенжебаев жауап беруі тиіс болған. Бірақ ол процеске келмеді. 

 

Сот хатшысының сөзінше, 29 желтоқсанда Кенжебаев ауырып, денсаулығына байланысты сотқа қатыса алмайтын айтқан. Ал тергеу изоляторының әкімшілігі Кенжебаевтың жүріп-тұра алатынын, сотқа баруына ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеген. 

 

Адвокат Руслан Есейбеков қорғауындағы Кенжебаевтың сырқаттанып қалғанын білмейтінін, қазір сот залында бірінші рет естіп отырғанын айтты. 

 

Процеске келген жәбірленуші тараптың өкілдері Кенжебаевтың сотқа келмеуіне наразылық білдірді. Олар Талдықорғанда тұрмайтындарын, алыстан келгендерін алға тартты. 

 

Судья Бекмұрат Дүйсенбеков күдіктінің келмеуіне байланысты істі кейінге қалдырды. Келесі сот процесі 6 қаңтарға белгіленді. 

 

Бұған дейінгі сот отырыстанында жәбірленушілер мен куәгерлерден және күдікті төрт полицейден жауап алынған. 23 желтоқсанда күдікті Жанбақыт Нұртаза мен Алмас Боқанов сұралғанда судья Дүйсенбеков сотталушылар мен олардың адвокаттарының талабы бойынша журналистерді сот залынан шығарып жіберген. Күдікті бес полицейдің бірі – Ермек Жұмашев ғана тағылған айыпты ішінара мойындаған. 

 

Талдықорғандағы азаптау ісі бойынша 23 адам жәбірленуші, 5 полицей күдікті деп танылған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/12/2022 12:26
39731 0

Уведомление