The Village Kazakhstan редакциясына біреулер қоқан-лоқы көрсетті

Олар Абай аулында зорланған бала туралы мақаланы өшіруді талап еткен


02/09/2021
10:22 40571 0

Фото: the–village–kz.com

 

The Village Kazakhstan редакциясына аты-жөні белгісіз бірнеше адам телефон соғып, қоқан-лоқы көрсеткен. Олар журналист Әсем Жәпішеваның Абай аулындағы зорланған бала туралы мақаласын өшіруді талап еткен. 

 

«Қазір редакциямызға белгілісіз біреулер шабуыл жасап жатқанын хабарламақпыз. Олар министрліктен хабарласып тұрмыз деп, бізден мақаланы өшіруді талап етті. Біз тәуелсіз журналистерді қыспаққа алғанды доғаруды талап етеміз. Жариялаған материалымызды өшірмейміз», — делінген The Village Kazakhstan-ның 1 қыркүйекте түнгі сағат 10-да шыққан мәлімдемесінде. 

Өшірілсін деген мақала сәрсенбі күні жарияланды. Онда үш жыл бұрын жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың қазіргі өмірі баяндалады. Әсем Жәпішева репортажында кінәлілердің көбі жазасыз қалғанын, жапа шеккен баланың туыстары әлі күнге дейін қоқан-лоқы көретінін айтады.

Поделиться

Нет комментариев.

02/09/2021 10:22
40571 0

Уведомление