Террористер ме, жоқ па? «Талибан» өкілдері Қазақстанға келеді

СІМ екіұдай түсініктеме берді


31/07/2023
18:34 14305 0

 

2021 жылдан бері Ауғанстанды басқарып отырған «Талибан» қоғалысы өкілдері Астанаға қазақ-ауған іскерлік форумына келеді деп күтілуде. Бірақ 2005 жылы Жоғарғы сот шешімімен «Талибан» қозғалысын Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына кіргізілген. 

 

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш «Талибан» өкілдерінің Астанаға келуін АҚШ пен Ұлыбританияны мысалға ала отырып түсіндірді. Оның сөзінше, қозғалыс аталмыш екі елде террористік ұйым деп танылмаған.

 

– «Талибан» қозғалысы АҚШ-тың террористік ұйымдар жөніндегі ұлттық тізіміне кірмейді. Ұлыбритания сияқты батыс елдері де оны бұндай тізімге енгізбеген, – деді ол. 

 

Қазақстанның Ауғанстанмен сауда-саттық байланысы жоғары деңгейде. Екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларды құрайды. Қазақстан Ауғанстанға ұн, күнбағыс майы, бидай өнімдерін экспорттайды. 

 

Қазақстанда «Талибан» қозғалысынан өзге «Әль Қаида», «Ислам мемлекеті» сияқты 22 ұйым тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енгізілген. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/07/2023 18:34
14305 0

Уведомление