TEDxAstana 2023-ке тіркеу басталды

Конференция 19 тамызда өтеді


22/06/2023
13:28 11901 0

Елордада Youniverse тақырыбымен жетінші TEDxAstana конференциясы 19 тамызда өтеді. Осыдан он шақты жыл бұрын сарапшылар Youniverse ұғымын 2050 жылға дейін әлемді өзгертетін мегатрендтердің бірі деп таныған болатын.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Youniverse мегатренді адамның өз даралығын таныта отырып, соған сай ерекше шешімдер мен қызметтер табуға ұмтылысын білдіреді. Адамның дара болмысын айқындауға бағытталған заттар мен қызметтер әлемі биік философиялық тұжырымдар мен қалыпты әлеуметтік келісімдерді сын елегінен өткізуге шақыратындай. Бұған себеп – саясат пен экономикадағы елеулі оқиғалар, ғылым мен технологиядағы өзгерістер.

 

 

Биылғы TEDxAstana конференциясында біз Youniverse-ті әлем дамуының жаңа белесі ретінде қарастырып қана қоймай, осы бағыттағы өзекті тақырыптар – этикалық дилеммалар мен жаңа қоғамдық нормаларды талқылап, бәрімізге ортақ үміт пен арман, міндет пен мақсат жайында сөз қозғағымыз келеді. Сан түрлі сұраққа жауап іздеген дара болмыс иесі ретінде қайда екенімізді және алуан түрлі әрекет ететін қоғам ретінде қайда жол бастап бара жатқанымызды түсінсек дейміз.

 

TEDxAstana-да біз баршаға ортақ әрі өзекті тақырыптарға ой қозғайтын боламыз. Бұл талпыныс өз болмысымызды терең танып, қоршаған әлеммен үйлесімді дамуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Өйткені YOU тек жалғыз адамға емес, «бәрімізге» де қарата айтылады. Бұл ізденіс тың жаңалықтарға толы боларына сенімдіміз, сондықтан өзімізге де, спикерлерге де ешқандай шектеу қоймаймыз, — дейді TEDxAstana ұйымдастырушылары Instagram-дағы ресми парақшада

 

Конференцияға қатысуға өтінім беріп, билет сатып алу үшін tedxastana.com сайтына өту керек. 10 шілдеге дейін билет құны 15 000 теңге, ал 11 шілдеден баға 20 000 теңгеге көтеріледі. Тіркеу 11 тамызға дейін жүргізіледі. Билет саны шектеулі. 

 

 

TEDx — TED жаһандық қорының әлем бойынша таратуға тұрарлық идеяларды іздеуге бағытталған жобасы. TEDx конференциялары әлемнің 3 мыңнан аса елі мен университетінде өтеді және оларды ұйымдастыру үшін TED-тің арнайы лицензиясы қажет. Елордадағы TEDxAstana конференциясы ерікті-энтузиасттардың бастамасымен осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

Поделиться

Нет комментариев.

22/06/2023 13:28
11901 0

Уведомление