«Талибан»: Ауған әйелдері үкіметте істей алады, бірақ министр бола алмайды

«Ал АҚШ билігімен серіктес болған әйелдер органдарда мүлдем істей алмайды»


03/09/2021
14:10 40358 0

Фото: ria.ru

 

Ауғанстан әйелдері үкіметтің жаңа құрамына кірмейді. Мұны «Талибанның» (Қазақстанда террорист ұйым деп танылған) баспасөз хатшысы Забихулла Мұжахид La Repubblica газетіне берген сұхбатында айтты. 

 

Оның сөзінше, ауған әйелдері үкіметте істей алады, бірақ министр бола алмайды, ал сотта тек судья көмекшісі бола алады. 

 

Ал АҚШ билігімен серіктескен әйелдер мемлекет органдарында мүлдем қызмет ете алмайды. 

 

15 тамызда «Талибан» ұйымы Кабулды жаулап, билікті басып алды. Оның алдында бірнеше БАҚ олар 12 жасар қыздарға үйленіп, секс құлдыққа салып жатыр деп хабарлаған

 

17 тамызда тәліптер баспасөз мәслихатын өткізіп, әйел құқығын шариғатқа сай сақтайтынын айтты. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/09/2021 14:10
40358 0

Уведомление