«Су жаңа» үкімет жұмысын журналистер алдына шықпаудан бастады


07/02/2024
16:25 3792 0

Фото: Ақорда

 

«Су жаңа» үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін журналистер министрлерге сұрақ қоя алмады. Үкіметтің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерінің жолын бөгеп, журналистер сұрағына вице-премьерлер жауап бергенін алға тартты. 

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін баспасөз мәслихатына тек премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, вице-министр Тамара Дүйсенова және премьер-министрдің бірінші орынбасары, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбаназаров ғана шықты. 

 

Роман Скляр «Жаңа үкіметтің алғашқы жұмыс күні не себепті журналистердің алдына шықпай, жабық жағдайда басталды?» деген сұраққа мардымды жауап бере алмады. Ол «Сіздердің алдарыңызға үш бірдей вице-министр шықты. Олар өз салалары бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын» деді. 

 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «ведомство БАҚ өкілдеріне барлық министрлермен арнайы сұхбат ұйымдастырып беруге дайын екенін» айтты. 

 

БАҚ өкілдері үкіметтің баспасөз қызметі журналистердің жолын бөгеу арқылы журналистердің жұмысына кедергі келтіретінін айтуда. 

 

7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысы тікелей эфирде көрсетілмеді. Президенттің сөзін Ақорда сайты телеграм-арнасында жариялап отырды. Ақпарат құралдары президенттің сөзін басқа бөлмеге қойылған монитордан бақылады.

Поделиться

Нет комментариев.

07/02/2024 16:25
3792 0

Уведомление