«Ұстаздарымның арасында да кемсіту, бөлу деген дүниелер кездескен»: Фәтшеймиң неге қауіпті?

Әркім өз дене бітімі үшін өзі жауап береді


02/10/2023
12:53 9154 0

 

Фәтшеймиң – «артық салмағы» бар адамдарды дене бітіміне байланысты кемсіту және «толық» адамдарды денсаулығы нашар, тартымсыз, жалқау, еріншек деп санайтын көзқарас. Бұл көзқарас «Артық салмақ – ұят және жалқаулықтың нәтижесі» деген идеяға негізделген. Осы идеяның кең таралып, көпшілікке танымал болуына медиа мен киноның ықпалы бар.

Медиа мен киноның ықпалы туралы фәтшеймиңді зерттейтін жоба жетекшісі Камилла Мюллер: «Фильмдерде толық кейіпкердің жан дүниесі әдемі деген ой жиі қорытындыланады. Яғни, толық әйелдер сұлу бола алмайды дегенге және фәтшейминг ойға әкеледі. Әрине осындай контексте кинода көрсетілген кейіпкерлер адамдардың кумирі болмайды, толықтық жаман, ондай адамдар сыйластыққа лайықты емес деген ойға әкелуі мүмкін», – дейді.

– Баян Мақсатқызы түсірген және өзі басты рөлде ойнайтын «Осторожно Корова»  фильмі бар. Фильмнің басты мысалы ішкі сұлулық болса да, ол фильмде фэтшеймингты норма деп қабылдайтындай.  Біздің фильмдерде таптаурынға толы осындай ой бар кезде, оны көрген адам толық адамды балағаттауға, алалауға құқығым бар деп ойлайды. Ал қыздар толық болудан қорқады, патриархалды қоғам ойлап тапқан сұлулық стандарттарын қуа бастайды, осылайша олардың тек физикалық денсаулығы емес, ментальды денсаулығы да құлдырай бастайды, – дейді Камилла. 

Фәтшеймиң әйелге ғана қатысты емес. Ерлер де «артық салмаққа» байланысты түрлі дискриминацияға тап болады. Ерлерге жасалатын фәтшеймиң туралы Ердәулет Қалиев: «Мектепте артық салмағым үшін өзімді комфорт ортада емес екенімді сезінетінмін. Бірақ университетке оқуға түскенде бұл нәрсенің көп адамда кездесіп жатқанын көріп, өзімді қалыпты өмірге бейімдей бастадым. Артық салмақ қыз-ұлға қарамайды. Тиісінше, оларды ортадан бөлектетуге болмайды. Фәтшеймиң жасағандар болмады демеймін, тіпті ұстаздарымның арасында да кемсітушілік, бөліп-жару деген дүниелер кездескен. Қазір оның маңызы жоқ екенін түсіндім. Осы келбетім өзіме ұнайды», – дейді. 

Камилла Мюллер адамдар «артық салмақ» туралы айту арқылы психолигиялық травма немесе комплекс қалыптастырып жатқанын білмейді дейді. Оның сөзінше, өзге адамның жеке шекарасынан өтіп, ақыл айтудың қажеті жоқ. 

– Көп адам «артық салмақ» туралы айтқан сәтте жанашырлық таныттым деп ойлауы мүмкін. Осы жанашырлық комплекс қалыптастырып, психологиялық травма әкелуі мүмкін екенін де ұмытпаған жөн. Бұл туралы «Қоғамда көптеген адамдар фэтшейминг арқылы адамның артық салмақтан арылуына  көмектесеміз, артық салмағы үшін сыни-пікірлер білдіру арқылы оларға мотивация береміз деп ойлайды. Алайда, фэтшеймингтің салдары болып – адамдар  өздерін кінәлі сезініп, жеккөрушілікке әкеліп соқтыруы мүмкін, ал ол өз кезегінде депрессияға, ашулануға және шамадан тыс тамақтану сияқты өзін-өзі бұзуға дейін алып баратын мінез-құлыққа әкелуі мүмкін. Егер толық адамдарды кемсіту олардың салмағын жоғалтуына себеп болса, мектептерде толық балалар болмас еді, өйткені нағыз буллинг мектептерде. Жалпы әркім өз дене бітімі үшін өзі жауап береді. Негізі барлық адамның үйінде айна бар, толық адамдар калория санап жеуді, спортпен айналысуды, дұрыс тамақтануды басқа адамдардан жақсы біледі. Сондықтан сұрамаған адамға жеке шекарасына өтіп ақыл айту әбестік деп ойлаймын», – дейді ол.

Жәнібек ҰЛЫҚБЕКҰЛЫ

Поделиться

Нет комментариев.

02/10/2023 12:53
9154 0

Уведомление