Сот журналист Думан Мұхаммедкәрімді қамау мерзімін тағы бір айға созды

Ол өзіне тағылған айыппен келіспеген


16/08/2023
17:08 13837 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді 16 тамызда Алматы облысының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты шығарған. Бұл жөнінде оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады. 

 

Думан Мұхаммедкәрім Қылмыстық кодекстің «тыйым салынған ұйым ісіне араласу» (405-бап, 2-бөлім) және «экстремизмді қаржыландыру» (258-бап, 1-бөлім) баптары бойынша күдікті деп танылған. Оған мұндай айыптың тағылуына қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты түрткі болған. 22 маусымда Думан Мұхаммедкәрім тергеу сотының шешімімен екі айға қамалған. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді. Істің саяси астары бар деп есептейді. 

 

Думан Мұхаммедкәрім билікті ашық сынап жүрген журналист. Ол өзінің «Не дейді?» ютуб арнасында Қанды Қаңтар оқиғасы, сот процестері, митингтер жөнінде ақпараттар жариялап, белгілі саясаткерлермен сұхбаттар жасаған. 

 

Журналист қазір Талдықорған қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Ол осыған дейін өзін Алматыға, ата-анасына жақын жерге ауыстыруды талап етіп, 20 күннен астам уақыт аштық жариялаған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/08/2023 17:08
13837 0

Уведомление