Сот Жанболат Мамайдың қамау мерзімін тағы да созды

Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға Қаңтар оқиғасында «көрінеу жалған ақпарат таратты», «билік өкілін қорлады» және «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айып тағылған


01/09/2022
15:47 23755 0

Қазақстан тергеу соты тіркелмеген «Демократиялық партияның» көшбасшысысаясаткер Жанболат Мамайды қамауда ұстау мерзімін 12 қазанға дейін ұзартты. Бұл туралы белсендінің жары Инга Иманбай мәлімдеді.

 

Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға Қаңтар оқиғасында «көрінеу жалған ақпарат таратты»«билік өкілін қорлады» және «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айып тағылған. Ол тағылған айыптармен келіспейді.Жақтастары қозғалған істің саяси астары бар деп есептейді. Ал құқық қорғаушылар оны саяси тұтқындар тізіміне қосқан.

 

Жанболат Мамай 26 ақпаннан бері қамауда отыр. Оны Қаңтар оқиғасынан кейін ұстап, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 15 күнгі әкімшілік қамауға алған. Кейін оны қылмыстық іс бойынша күдікті деп танып, тергеу абақтысына қамады. Қамау мерзімі содан бері бірнеше мәрте ұзартылды.

 

«Freedom House» үкіметтік емес ұйымы Мамайға тағылған айптарға алаңдаушылық білдірді. Оған дейін «Amnesty International» жән «Human Rights Watch» ұйымдары Нұр-Сұлтаннан Мамайды босатуды талап еткен.

 

Тамыз айының соңында Қазақстанға іс-сапармен келген Еуропарламент депутаттары да Жанболат Мамай мен өзге де белсенділерді тергеуді тоқтатуға шақырды.

Қазақстан билігі мұндай үндеулерге жария түрде жауап қатпады. Нұр-Сұлтан Қазақстанда саяси тұтқын барын, адамдардың саяси себеппен қудаланатынын жоққа шығарады.

Поделиться

Нет комментариев.

01/09/2022 15:47
23755 0

Уведомление