Сот «Демпартия» белсенділеріне айыппұл салды

«Аманат» партиясын сынаған белсенділерге айыппұл салынды


07/10/2022
12:02 27146 0

Сот «Демпартияның» үш белсендісіне 153 мың теңге айыппұл салды. 

 

6 қазан күні «Аманат» партиясы кеңсесінің алдына наразылыққа шыққан белсенділер Аружан Дүйсебаева, Гүлнар Мірмәмбетова мен Анар Мұхамеджановаға Алматы мамандандырылған ауданаралық соты әрқайсына 50 АЕК (153 150 теңге) айыппұл салды. 

 

Белсенділер «Назарбаев жүйесіне қызмет еткен «Аманат» партиясы таратылсын!», «Назарбаевты – түрмеге», «Жанболатқа бостандық!» деп ұрандатып, «Тоқаев, Жанболат Мамайды босат!» деген плакат алып шыққан. 

 

Осы уақытта Астанада «Аманат» партиясының құрылтайы өтіп жатқан. Онда партия мүшелері кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды бір ауыздан қолдаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/10/2022 12:02
27146 0

Уведомление