Сот Бауыржан Байбектің Жанболат Мамайдың үстінен берген арызын қанағаттандырды

Енді Мамай бұрынғы Алматы әкімі жемқор деген бірнеше фильмін өшіруге міндетті


15/06/2021
10:48 42180 0

Фото: zona.kz

 

Алматы Әуезов ауданы соты Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің оппозиционер Жанболат Мамай мен журналист Инга Иманбайдың үстінен түсірген шағымын қанағаттандырды. Мұны Vласть хабарлайды.

 

Енді Мамай мен Иманбай Байбек жемқор деген бірнеше YouTube видеосын өшіруге, талап қоюшыға 438 мың теңгеден өтемақы төлеуге міндетті. 

 

«Демократиялық Қазақстан» каналында жарияланған видеоларда Мамай Байбек Алматы әкімі боп жүрген кезде «Қазақфильмнің» 5,5 гектар жерін тартып алып, Көк Төбе мен Көк Жайлауда элитикалық үй-жай салу үшін ағаштарды заңсыз кесіп тастаған, басқа да жемқорлық қылмыс жасаған дейді. 

 

Байбек жауап берушілер осылай «ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтірді» деп шағым түсірген еді.  


Инга Иманбай «Азаттық радиосына» фильмдерді өшірмейтінін, апелляциялық шағым беретінін айтты.

Поделиться

Нет комментариев.

15/06/2021 10:48
42180 0

Уведомление