Сот Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған белсендіні 15 тәулікке қамады

Алматы қалалық соты белсенді Қосай Махамбаевты 15 тәулікке қамады


02/06/2022
12:09 31563 0

Фото: Азаттық радиосы.

 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданарылық әкімшілік соты Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған азаматтық белсенді Қосай Маханбаевты 15 тәулікке қамады. Оған 488 баптың 7 бөлігі (бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу) бойынша айып тағылған. 

 

Ақпаратқа қарағанда, маусымның 1-і күні полиция Қосай Маханбаевты Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған азаматтарды қалалық прокуратура алдына келуге шақырғаны үшін айыптап, хаттама толтырған. Махамбаевтың өзі тағылған айппен келіспейді. Ол «азапталған азаматтарды прокуратураға келіп, арыз жазуға шақырғаным рас, бірақ бұны заңсыз шеру деп есептемеймін» дейді.

 

— Бұл маған жасалып жатқан қысымның бір түрі. Енді Қаңтар кезінде мені азаптаған адамдардың қолында боламын, —  деді Махамбаев соттан кейінгі сөйлеген сөзінде. 

 

Белсендіні сот салынан алып кетті. Жақтастары сот алдында наразылық акциясын өткізіп, Махамбаевты босатуды талап етіп, осыдан кейін қалалық прокуратураға баратындарын айтты. 

 

1 маусымда полиция Қосай Махамбаевтан бөлек, Дархан Дүйсебаев, Нұртас Қаранаеев және Ақылжан Қисымбаевты қалалық прокуратура алдынан ұстап, күштеп тергеуге алып кеткен. Махмабаевты Бостандық полиция басқармасында түнгі үшке дейін ұстаған. Аталмыш оқиғаға байланысты полиция ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

Поделиться

Нет комментариев.

02/06/2022 12:09
31563 0

Уведомление