Сот: Арон Атабек түрмеден босатылды

Оның бас бостандығы 1 жыл шектелмек


01/10/2021
14:50 39860 0

Фото: vlast.kz

 

Павлодар облысының соты саяси тұтқын саналатын Арон Атабек түрмеден босатылды, жазасы бас бостандығын 1 жыл шектеуге алмастырылды деп хабарлады. Атабек 18 жыл түрме жазасының 15-ін өтеді.

 

Баспасөз хабарына сенсек, ақын дауасы жоқ ауруға шалдыққан.

 

— Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы, жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенератив - демиелинизирлеуші — тұтқын шалдыққан ауру. Бұл аурулар түрмеден босатуға негіз бола алатын аурулар тізімінде, — делінген онда. 

 

Атабектің қызы Айдана Айдархан әкесі шынымен шықты ма, жоқ па біле алмай отыр. 

 

Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға сотталған еді.  Құқық қорғаушылар оны кінәсіз, саяси тұтқын дейді. 

 

Жақында олар президент тұтқынға рақымшылық жасасын деп петиция ұйымдастырған еді. Оған бес күнде 2,5 мың адам қол қойды. 

 

Атабек мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазудан бас тартқан еді. «Бұлай істетесем, кінәні мойындаған болам» деді.


Арон Атабек кім, Шаңырақ оқиғасы не екенін мына жерден, ал саяси тұтқынның жай тұтқыннан не айырмашылығы барын мына жерден біліңіз.

Поделиться

Нет комментариев.

01/10/2021 14:50
39860 0

Уведомление