Шымкенттік белсенді Ерғали Көлбаев төрт жылға шартты жазаға кесілді

Шымкентте қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған белсенділердің соты өтіп жатыр


18/05/2022
15:05 33827 0

Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке қатысты және шақырды» деп айыпталған азаматтық белсенді Ерғали Көлбаевқа Шымкеттің Еңбекші аудандық соты төрт жылға шартты жаза берді. 

 

Белсенді қаңтардан бері қамауда отырған. 18 мамырда сот залынан босатылды. 

 

Бұған дейін Көлбаев бейбіт митингке қатысқанын, ешқандай бүлік жасамағанын айтып, белсенділігіне байланысты істің саяси астары бар екенін мәлімдеген. 

 

Ерғали Көлбаев қаңтар оқиғасына байланысты «жаппай тәртіпсіздік» бабымен айыпталып, сот үкімі шыққан алғашқы белсенді. Құқық қорғаушылар Қазақстан бойынша қаңтар оқиғасына байланысты 30-ға тарта белсенді күдікке іліккенін мәлімдеп, алаңдаушылық білдірген. 

 

Ерғали Көлбаевтан бөлек, Шымкентте тағы бір белсенді Молдабай Сәдібековтың ісі қаралып жатыр. Оған да «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған және қатысқан», «билік өкіліне күш қолдану» баптары бойынша айып тағылған. Мамырдың 3-і күні өткен сот отырысында Сәдібеков «бейбіт митингке қатысқанын, бірақ ешкімді шақырмағанын, полиция қызметкерін ұрмағанын» айтты. 

Поделиться

Нет комментариев.

18/05/2022 15:05
33827 0

Уведомление