Шымкентте өзіне қол жұмсаған полиция баспасөз хатшысына қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды


07/04/2022
11:08 30473 0

Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұған дейін өз өзіне қол жұмсамақ болған Бекеева Facebook желісіне жазған хатында басшылық қылмыстық іс қозғау арқылы қысым көрсетіп жатқанын айтқан.

 

Полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша, тергеу барсында Бекеева мен оның үстінен арызданған полиция қызметкерінің арасындағы жанжал «Билік өкілін қорлау» (378-бап) бабы бойынша қозғалғанымен, кейіннен «Қорлау» (130-бап) бабына жататыны анықталған. Осыған байланысты іс тоқтатылған. 

 

6 сәуірде Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның «өзіне қол жұмсап» реанимацияға түскені жөнінде белгілі болған. Ол өзіне қол жұмсамас бұрын жазба қалдырған. Онда полиция департаментінің жаңадан келген басшылығын қысым көрсетті деп айыптап, қозғалан қылыстық істі соның көрінісі деп бағалаған. 

 

Наурыздың аяғында әлеуметтік желіде Бекееваның суреті қойылған, қарамағындағы қызметкерге дөрекі, бейәдеп сөйлеген әйелдің аудиожазбасы жарияланған. Бекееваның үстінен қылмыстық істің қозғалуына осы оқиға себеп болған. Бекееваның өзі жазбадағы дауыс өзінікі емес екенін айтып, оны қызметіне жасалған қастандық деп бағалаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/04/2022 11:08
30473 0

Уведомление