Шымкентте 100-ден астам автобус айдаушы ереуілге шықты

Олар жалақы көтерілсін дейді


03/02/2021
11:21 41414 0

Фото: azattyq.org

 

3 ақпанда Шымкентте Shymkent bus автопаркінің 100-ден астам жүргізушісі мен кондукторы ереуілге шықты. Олар басшылығына жалақымыз көтерілсін, еңбек жағдайы жақсарсын деп талап қойды. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады. 

 

— Өз басым айына 150 мың теңге аламын. Қолға таза 120 мың түседі. Кондукторлардікі мүлде төмен. Жалақысы 70 мың теңге болғанмен, оның өзін де дұрыс бермейді, — деген журналиске бір жүргізуші. 

 

Сонымен қатар олар жұмыс беруші жолаушылардан түсетін қолма-қол ақшаға қатысты жоспарын алып тастасын, түскі ас беру және автобустарды жуу міндетін орындасын дейді. 

 

— Кешке келесің — жоспарды көтеріп тастайды. 2 мың теңге қоса салады. 5 мың теңге қоса салады, — деген ереуілшінің бірі. — Не кондукторға айлық жоқ, не жүргізушіні жарытпайды. Төлем картасын кондуктор болмаса халық валидаторға ұрмайды. Біздің жан-айқайымызды кім естіп жатыр? 70 мың теңгелік айлық кімге жетеді? Біреудің несиесі бар, біреудің пәтерақысы бар. Директор «осы жерге қоныңдар» дейді.

 

«Азаттықтың» хабарлауынша, наразыларға қала әкімі Мұрат Әйтенов келіп, мәселе кешке дейін шешіледі деп оларды жұмысқа шығуға үндеген. Бірақ жұмысшылар бұған көнбеді. 

 

Өткен аптада Ақтөбе облысында екі мұнай кенішінің жұмысшылары жалақы көтерілсін, еңбек жағдайы жақсарсын деп ереуілдетті. Жұмыс беруші талаптарды орындауға уәде берді.

Поделиться

Нет комментариев.

03/02/2021 11:21
41414 0

Уведомление