ШҚО-дағы Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция жарияланды

Құлаған мүсінді қалпына келтіруге 1, 5 млн теңге жұмсалмақ


02/10/2023
11:02 12638 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Шығыс Қазақстан облысында Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция жарияланды. Петиция авторларының сөзінше, Ленин КСРО құрамында болған көптеген халықтарды қанға бояған. Сол себепті де оның ескерткішін қалпына келтірудің ешқандай қажеттілігі жоқ. 

 

– Ол КСРО-ны көптеген халықтардың сүйегі мен қанына толтырды, қазақтарды да қырып-жойды. Соның ішінде ашаршылық, қуғын-сүргін, жер аудару, Семей полигонындағы ядролық сынақтар, кеуіп қалған Арал теңізін айтуға болады, – делінген петицияда.

 

Ескерткіш 1962 жылы ашылған. Бұл – Шығыс Қазақстан облысындағы Ленинге қойылған жалғыз ескерткіш. 16 тамызда мүсіннің бюджеттен бөлінген 1,5 млн теңгеге жөнделетіні хабарланған. Кейіннен ескерткішті тұрған жерінен жөндеуге алып кету жұмыстары барысында мүсін жерге құлап, бүлінген. Енді оны жергілікті кәсіпкерлердің бірі өз қалтасынан төлеп, қайта қалпына келтірмек.

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/10/2023 11:02
12638 0

Уведомление