Шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын қор құрылды

Қазақстаннан шетелге шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын қор құрылды


23/06/2022
14:34 30414 0

Бүгін Алматы қаласында Болат Әбілов, Сергей Дуванов, Ескендір Бейсембетов және Оразалы Ержанов баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстаннан сыртқа заңсыз шығарылған қаражатты кері қайтарумен айналысатын қор құратындарын мәлімдеді.

 

Баспасөз мәслихатында саясаткер Болат Әбілов президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрған арнайы комиссияға сенбейтінін айтты. Оның сөзінше, оған бірде-бір тәуелсіз азаматтық қоғам өкілі енбеген. Барлығы биліктің адамдары. 

 

— 30 жылдың ішінде 200-300 миллиард доллар сыртқа кетті... 30 жыл бойы әділдік болған жоқ. Ол бүгін де жоқ. Тоқаев мырза сыртқа шығарылған қаржыны қайтаруға байланысты комиссия құрды. Оған кімдердің кіргенін білеміз. Үкіметтің адамдары, Бас прокурор кірді. Бір де бір қоғам қайраткері, тәуелсіз, танымал адам кірген жоқ. Біз бұл комиссияға сенбейміз. Осыған байланысты бүгін біз елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын қор құратынымызды мәлімдейміз, — деді Әбілов 

 

Журналист Сергеу Дуванов билікке бұнай қорлардың құрылғаны қажет емес дейді. Оның сөзінше, елден заңсыз шығарылған қаржыны іздестіретін болса, оның арты билікке алып келетінін олар жақсы біледі. 

 

—Менің ойымша, билікке бұндай қорлардың құрылғаны қажет емес. Сіздер оны түсінесіздер ғой. Себебі биліктегі адамдардың бұл процеске тікелей қатысы бар. Бұны зерттеу өз-өзіңе ор қазумен бірдей. Бұл қордың міндеті – билік тарапынан жасалатын олқылықтардың орнын толтыру. Тіпті, сол жұмысты толықтай жүзеге асыру. Себебі биліктің ешнәрсе істемейтіні анық. Қор жұмысы жемқорлықпен айналысып жазасыз қалу үрдісін бұзады. Парақорлар ұрланған қаржы әлем бойынша іздестіріліп жатқанын көріп ойланатын болады, — дейді Дуванов.  

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/06/2022 14:34
30414 0

Уведомление